$ 447.4  477.55  4.76

Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы

Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Шымкенттегі Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде Оңтүстік Қазақстан облысы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» атты облыстық сурет байқауы өтті. Оған осы бағытта білім алып жүрген отызға жуық жас қатысты. Сурет байқауында қазақтың төл өнерін дәріптейтін туындылар, егемендіктен сыр шертерін суреттер, рәміздердің де жарқын көріністері болды.

Байқау қатысушыларының басым бөлігі қазақ тарихынан сыр шертерін жәдігерлерді суреттеуге басымдық берді. Аталмыш колледжде білім алып жүрген болашақ суретші Айдос Тұралиев, бүгінгі сайысқа қыраны қалықтаған көк аспан мен азаттық таңын әспеуттеді жөн көріпті. Оның айтуынша, әрбір қатысуышының туындысы өздігінше ерекше. Өйткені олар, Тәуелсіздікпен тел жетілген ұландар. Бастысы жеңіп шығу емес, бастысы егемендіктің тойына тарту жасау дейді жастар жағы. Байқаудың «Тәуелсіздік Қазақстан және Елбасы» деп аталуы кездейсоқ емес көрінеді. Шараны ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, жиырма бес жылда елдің жеткен жетістіктері Елбасының ерен еңбегінің арқасы. Сондықтан Тәуелсіздік пен Президент ұғымы жастардың санасында егіз ұғым іспетті қалыптасқан. Жас суретшілер қыл қалам ұшымен осыны тағы бір дәлелдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары