$ 444.22  476.38  4.82

Шығармашылық байқау - тәуелсіздік тойына!

Шымкентте «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы түрлі этнос өкілдері жастарының қатысуымен «Қазақстан Руспубликасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті.

ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан сондай-ақ, мектептерден 60-қа жуық жас қатысты.

Іс-шараға облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ербол Байқонақов қатысып, барша сайысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері мен азаттық таңы туралы қалам тартқан жастардың шығармаларын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде, үздік деп танылған сегіз туынды республикалық байқауға жолдама алды. Бұған дейін Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына арналған шығармашыл жастардың байқауы барлық аудан орталықтарында өткізілген болатын. Әсірее ауыл жастарын қамтуға ден қойған ұйымдастырушылар, аталмыш шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді қолға алмақ. Ел егемендікке қол жеткізгелі талай талантты жас қанатын қатайтып,еркін тақырыптарда қалам тербей бастады. Сайыс барысында өрендердің өрлі шығарма жолдары, азаттықтың қадір-қасиеті туралы өлең жолдары осының айғағы болды. Жұлдызды күнде жалғасын тапқан байқау жастардың шығармашылығын шыңдауға ұйытқы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары