$ 441.44  473.09  4.75

«Алтын жүрек» балаларға көмек қолын созды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Алтын жүрек» акциясы балғындарға көмек қолын созды. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық емханасының ұжымы мұрындық болған қайырымдылық шарасында 60-тан астам балаға жылы киім-кешектер мен мерекелік сыйлықтар тарту етілді.

Игі бастамаға біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты. «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі». Осы мақсатты ту еткен аудандық емхана ұжымы балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мүмкіндігі шектеулі, жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балалар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық шара барысында бүлдіршіндер үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониядан арнайы келген өнер майталмандары көпшілікті шат-шадымен күйге бөледі. Балақайлар кейіннен цирк алаңына жиналып, жыртқыш аңдар әлемімен танысты. Игілікті іске өз үлесін қосқан жомарт жандарға ата-аналардың алғысы шексіз. Ауданда мұндай шаралар легі толастамақ емес.

Данияр Айтбаев – Төлеби аудандық емханасының бас дәрігері:

- Тәуелсіздік мереке қарсаңында осындау қайырымдылық шара өткізуді жөн көрдік. Төлеби ауданының емхана ұжымымен келісе отырып, шараны атқарып отырмыз. Мұндай қайырымдылық акциясын жылда өткізудеміз, бұл алғашқы емес. Әлі де жалғасын табады деген үміттеміз. Алдағы келе жатқан мереке құтты болсын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары