$ 439.43  473.31  4.82

«Екі жұлдыз» Тәуелсіз ел таланттарын шыңдайды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаралда ауданында жас эстрада әншілері арасында байқау болып өтті. «Екі жұлдыз» деп аталған сайыс Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен ән додасында жас өнерпаздар жұп болып өнер көрсетті. Жарыстың шарты бойынша 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлер тек патриоттық бағыттағы шығармаларды орындады. Шараның ерекшелігі сол, қатысушылар тек жанды дауыста ән шырқады. Ақтық сынға тек бағы жанып, бабы шапқан жастар жолдама алды. Жарасымды жұптар бойындағы бар өнерін ортаға салып, шын таланттың тасада қалмайтынын дәлелдеді.

Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары аудан аумағында көптеген мәдени ошақтар ел игілігіне берілді. Бұл шаралар талай өнер иелерінің талантын шыңдауға ықпал етті. Тіпті, мектеп оқушылары үшін мұнда арнайы үйірмелер жұмыс істеуде. Бүгінгі байқауға қатысқан жас өнерпаздардың барлығы осында тағлым алғандар.

Байқауға бірінші рет қатысып отырған Ертай Нұрбегім қазіргі таңда өнер саласын қолдауға бағытталған байыпты бағдарламалардың бар екендігін алға тартты. Болашақта өзін эстрада жұлдыздары қатарынан көргісі келетін жас талант иесі, нағыз өнерлі өрендер қарапайым халықтың арасында екендігін айтады. Ауыл-аймақтың мәдениеті мен рухани азығын әлдендіру арқылы нағыз өнер жанашырларын шыңдауға болатынын жеткізді.

«Екі жұлдыз» сайысында егемендікті дәріптеу арқылы патриоттық әндерге басымдық берген таланттылар, Тәуелсіздік мерекесін лайықты деңгейде тойлауға ат салысқандарына қуанышты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары