$ 443.44  480.51  4.88

Тәуелсіздік тойына тарту. Сарыағашта мәдениет үйлері бой тіктеуде

Еңсесін тіктеп, ертеңін ойлаған ел мәдениетке бет бұрады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Сарыағаш ауданында үш бірдей Мәдениет үйі ашылды. Айтулы бастама Елбасының ауылды көркейту бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Бұл қуанышты күнді Жаңатұрмыс, Ақниет сондай-ақ, Бірлік ауылының тұрғындары көптен күткен еді. Қаймана қазақы қалпы сақталған ауылдарға сән беріп тұрған мәдениет үйлерінде енді түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Бұдан былай бұл орындарда би, шахмат, музыкалық аспаптар үйірмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ ауылдық кітапхана да осында. Жалпы, ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыратын орын болмақ. Сарыағаш ауданында бүгінгі таңда 33 мәдениет үйі жұмыс істейді. Қала берді 58 кітапхана жергілікті оқырмандарға қызмет етіп келеді. Жыл соңына дейін тағы төрт мәдени ошақты іске қосу жоспарлануда дейді аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев. Салтанатты шара аясында жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарлама ұсынды.

ҚАЙРАТ ӘБДУӘЛИЕВ – САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әрине ауқымды жұмыстар күтіп тұр алда. 156 елді мекенге бұл өте төмен көрсеткіш.Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп отырады.Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған мәдениет ошақтары алдағы уақытта ауыл халқының қуанышына қызмет ете береді деген сенімдеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары