$ 480.55  533.75  5.36

Тәуелсіздік мерейтойына флешмоб ұйымдастырылды

Ел тәуелсіздігі – баға жетпес байлығымыз. Соның арқасында жас ұрпақ ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Төлебилік жастар осылай деп ұрандатып, флэшмоб ұйымдастырды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған шараға 300-ден астам жас қатысты. Олар тек патриоттық бағыттағы әндерді тыңдап, түрлі би қимылдары арқылы туған жерге деген құрметін білдірді.

Мерекелік кеште қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты насихаттау, жастардың азаматтық позициясын қалыптастыруға атсалысу әрбір қатысушының бойынан байқалып-ақ тұрды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жастарды сенімге, болашаққа деген үлкен міндетті істерге сондай-ақ, ел егемендігін одан әрі нығайтуына жігерлендіретін болады. Іс шараға аудандағы жоғары сынып оқушылары мен орта арнаулы білім ұяларының тәлімгерлері қатысты. Жастарды отансүйгіштікке үгіттеп, салауатты өмір салтына үндейтін шара алдағы уақытта көптеген елді мекендерде жалғасын тауып, 16-желтоқсан айтулы мереке күні үлкен концерттік бағдарламаға ұласпақ.Төлеби аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторы Мақсат Таласовтың айтуынша, жоба жастар тарапынан қызу қолдау тапқандықтан үйымдастырылып отыр.

МАҚСАТ ТАЛАСОВ – ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Біз ең алдымен ертеңгі болашақтың иелері жастарды Тәуелсіздікті қастерлеуге шақыруымыз қажет. Ол үлкен ұғым. Ол отбасындағы ата-ананы сыйлап, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетумен келетін ұғым. Мақсатымыз жастарға осының бәрін дәріптеу болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары