$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстан-Израиль инвестициялық ынтымақтастығын нығайту

Бүгін Астана қаласында Израиль Премьер-Министрі Биньямина Нетаньяху мырзаның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде қос елдің ресми тұлғалары және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Израиль бизнес-форумы өтті. Бизнес-форумды Қазақстан Республикасындағы Израиль Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды.

Бизнес-форумның жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяху, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Израиль-Қазақстан Билатеральді Сауда-Өнеркәсіп Палатасының төрағасы Михаэль Роээ және Израиль мемлекетінің Экономика және өнеркәсіп Министрлігінің экономикалық атташесі Элизабет Соловьева қатысты.

Қазақстанда 2016 жылдың 1 қарашасында израильдік капиталдың қатысуымен 254 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде 112 кәсіпорын жұмыс істеуде. Израильден Қазақстан Республикасына 2005 жылдан 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін тікелей шетелдік инвестициялар 214 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстандық және израильдік кәсіпкелер инновациялар және агроөнеркәсіптік кешен сияқты экономикалық секторларда табысты ынтымақтасуда. Кейінгі уақытта Қазақстанда израильдік серіктестермен бірлесіп ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жалпы сомасы 86,5 млн. АҚШ доллары болатын 7 жаңа жоба іске асырылған. Олар – электрондық құрылғыларға арналған баспа платаларын өндіру; қаржы және сақтандыруда – бірлескен Bank Hapoalim коммерциялық банкін құру; агроөнеркәсіптік кешені бойынша – Алматы облысында және Астана қаласында жылыжай кешенінің құрылысы, тамшылатып суарудың жаңа жүйелерін енгізу, Солтүстік-Қазақстан облысында бройлер құс фабрикасының құрылысы сияқты жобалар бар; инфрақұрылым бойынша – Маңғыстау облысының аумағында теңіз суын тұщыту қондырғысының құрылысы бар. Қазіргі уақытта медициналық сақтандыру желісін және «Архимедес Қазақстан» медициналық орталықтар желілерін құру бойынша жоба іске асырылуда.

Бизнес-форум кезінде оның қатысушылары Израильдің инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы тәжірибесін, сондай-ақ инфрақұрылым, жаңа технологиялар, химия және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы келесі жобалардың келешегін талқылады. Олардың қатарында модульдық құрылғылардың өндірісі, ЗD – принтерлерге және аддитивті машиналарға арналған мамандандырылған ұнтақтардың өндірісі, лак-бояу бұйымдарының өндірісі, ауыл шаруашылығы учаскелерін құру жобалары бар.

Бизнес-форумда қазақстандық және израильдік тараптардың арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды: ҚР Білім министрлігі мен Mitrelli израильдік компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, «Корпорация БАЗИС-А» ЖШС мен BAL International LTD арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға, «Damar» ЖШС мен EGRZ FOOD LTD арасындағы келісімге және тағы да басқа келісімдерге қол қойылды.

Бизнес-форум жұмысына қос елдің бизнес және үкіметтік емес ұйымдарының 400-ден астам өкілі қатысты. Израиль тарапына Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы, инвесторларға арналған, оның ішінде шағын және экономиканың басым саласындағы орта бизнесті ынталдандыру топтамасының тұсаукесерін, және арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) және индустриалдық аймақтардың (ИА) тұжырымдамалары таныстырылды. Пленарлық сессиялар мен екіжақты кездесу кезінде кәсіпкелер ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, су шаруашылығы, қауіпсіздік және жасыл энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары