$ 480.55  533.75  5.36

Ұлт татулығы – елдің асыл қазынасы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, еліміздің барлық аймағын қамтып отырған қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша семинар Шымкентте өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған семинарда оңтүстікте орын алып отырған өзекті мәселелер қаралып, ұлт татулығын сақтаудағы халық белсенділігін көрсетті.

Жиында Елбасы ұсынған 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету жайы кеңінен әңгімеге арқау болды. Игі шараға қатысушылардың легін аймақтағы педагогтар мен мәслихат депутаттары құрады. Семинардың мақсатына орай, олардың біліктілігі мен кәсіби білімін арттыруға бағытталған арнайы лекциялар оқылды. Баяндамаларды оқу барысында биылғы жылдың еліміздің тарихында алар орны мен өзіндік маңызы туралы да келелі ойлар ортаға салынды. Тиісінше 24 сағаттық семинардың тыңдармандарына арнайы сертификаттар табысталды. Алдымен, Ақтөбеде бастау алған көшпелі жиын Шымқаладан соң Тараз, Алматы және Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында жалғаспақ. Семинарға қатысушы әр өңірден келген мамандар алған әсерлерімен бөлісті.

ОРЫНКҮЛ КАЗМАНБЕТОВА – СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Бұл семинардың берер мағлұматы көп болды. Атап айтатын болсақ, ойда жүрген көңіліміздегі жүрген түйткіл мәселелерге дөп түсіп, ойымыз үйлесті.Семинардың тәуелсіздіктің мерейтойына орай өткізілуі кездейсоқ емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары