$ 444.22  476.38  4.82

«25»-ті қасиет тұтқан шаңырақ

Кеңестік дəуірдің бұғауынан босап, бостандықтың ақ таңы атқалы – 25 жыл. Тарих үшін бұл қас-қағым сəт болғанымен, жеткен жетістіктеріміз ғасырға татиды. Осынау дербестіктің дәмін татып, 25 жылдық мерейтойды бірнеше қуанышпен еселеп, тойлайтын Шардарада бір шаңырақ бар. Ол - Бектұрғановтар əулеті.

Шардара ауданының Қоссейіт ауылдық округінде тұрады. Ұстаздық – бұл үйдегілердің басты мамандығы. Əке ізін жалғастыруды міндетім, - деп білген Еркін Бектұрғанов пен жары Айгүл Шойбек бүгінде «Сырдария» жалпы орта мектебінде еңбек етеді. Ерлі-зайыпты 1991 жылы үйленген. Дәл сол жылы екеуі де аядай ғана білім ұясына педагог болып, жұмысқа орналасты. 5 перзенттің ата-анасы биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын өздерінің отау құрғандағы күміс тойларымен, 25 жылдық еңбек өтілімен, бәрін жиып, бір тойлайды. Еркін мен Айгүлдің ауылдастар, әріптестер алдында беделі жоғары, мерейі үстем.

БАҚЫТГҮЛ БЕКТАСОВА – «СЫРДАРИЯ» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Үлкен елеулі жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық іс-шараларда оқушыларымен тамаша, биік көрсеткіштерге жетіп, келешектегі ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып келе жатыр.

Жарасымды жұп үлкендердің ақ батасына ие. Әжелері де ұлы мен келінінің бар жағдайын жасап, тілеуін тілеп отырады. Өйткені, Қазақстанның болашағына қос перзентінің де жауапты екенін бек түсінген.Кәсіпке адал болуларына кедергі келтірген емес. Биыл бұл шаңырақта тағы бір қуаныш. 25 жылдан бері өздері тұратын көшеге үйдің отағасы, марқұм, Ерехан Бектұрғановтың есімі берілді. Ер есімі - елу үйдің күнде аузында. Ал, Тәуелсіздік сол жандардың жүрегінде- жығылмас жалауындай!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары