$ 474.72  515.17  5.58

Тәуелсіздік жемісі: Оңтүстікте 23 мың жас кәсіпкер бар

Оңтүстік Қазақстан облысында 23 мың жас кәсіпкер бар. Бұл егемен елдің 25 жыл ішінде жеткен жетістігі. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қолдауға ие болған жастар, өз істерін өрге дөңгелетіп тәуелсіз елдің тұғырын биік ету жолында еңбек етуде.

Істің ебін тапқан азаматтарға қолдау көрсету үшін облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы биыл 108 семинар ұйымдастырып, 525 жасқа арнайы сертификат берген. «Алтын қор» кадрлық резервінің жұмысын жандандыру үшін тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жоғағы оқу орнын үздік бітірген 70 түлек арнайы курстардан өткен. Олардың алғашқы легі мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрған. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Болат Жанәбілдің айтуынша бірнеше түлек облыстық құрылыс басқармасында еңбек етуде. Биыл Жастар практикасы бағдарламасы бойынша тәжірибе жинауға ниетті жастардың да қатары артқан. Айта кетейік, осы жылы студенттік құрылыс және Жасыл ел бойынша атқарылған жұмыстар ауқымды.

БОЛАТ ЖАНӘБІЛ - ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінде университет қабырғасында білім алып жүріп-ақ, өз кәсібін бастап кеткен жастар да жетерлік біздің өңірде. Олар кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстың шарапатын көргендер. Бірнеше адамды жұмыспен қамтиды,өздері де жоғары оқу орнын бітірген соң жұмыс іздеп бас қатырмайды. Қазіргі жастар Тәуелсіз ел болудың маңызын жақсы түсінеді. 25 жылда Қазақстанның жеткен жетістіктерін мақтан тұтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары