$ 444.22  476.38  4.82

Тіл мерейін асырып, Тәуелсіздік тұғырын биіктетті

«Тіл мерейі». Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған кезекті шара осылай аталады. Шымкент қалалық білім бөлімі мұрындық болған байқауға қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Әр сала өз жетістігімен мақтанатыны ақиқат. Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде еліміздің білім саласы қарыштап дамып келеді. Уақыт-жүрдек. Жүйткіп өте шығады. Ал, тәуелсіздік тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берері сөзсіз. Ұрпақ санасына білім нәрін құйып келе жатқан педагог кадрлардың біліктілігін шыңдау - байқаудың басты мақсаты. Фестивальге сайдың тасындай іріктелген 59 үміткер қатысты.

«Сан ғасырлар бойы бабаларымыздың асыл арманына, биік мұратына қол жеткізген азат елдің бүгінгі ұрпағы шын мәнінде де бақытты екені рас. Ұлы даланың ұлағатты ұрпағы осы бір асыл байлығын, егемендігін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс»,-дейді ұлағатты ұстаздар.

Қазіргі таңда егемендіктің ширек ғасырлық тойына орай, ауыл-аймақтарда да осындай шаралар қарқынды түрде жүргізілуде. Өйткені, тап осы Тәуелсіздіктің арқасында мемлекеттік тілдің мерейі асып, діліміз оралды. Ұйымдастырушылар дәстүрлі шараның маіызын жастарға түсіндіруді басты міндетіміз деп есептейді.

ГҮЛЖАН ТӘЛІПБАЕВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

- Бүгінгі өткізіліп отырған жиынға қатысушылардың басым бөлігі жастар болды. Біз бұған қуаныштымыз. Ертеңгі тіл қадірін де, ел қадірін де арттыратын осы жастар болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары