$ 449.58  486.94  4.86

Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала әлденді

Егемендікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы аумағында 21 білім ошағы бой көтерген. Ағымдағы жылы ауданда 1578 түлек алтын ұя мектебімен қоштасса, жаңа оқу жылында 2970 бүлдіршін білім ордасының табалдырығын аттаған. Жыл санап бала саны да артуда.

Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, мұнда тағы бір білім ұясы пайдалануға берілген болатын. Мектеп құрылысына ұлттық қордан 540 млн. теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 7 айдың ішінде аяқтап бітірді. Елбасымыз «өскелең ұрпақ заман талабына сай сапалы білім алуы үшін барлық жағдай туғызылуы керек» деген болатын. Аталмыш ғимарат осы талаптарға толығымен жауап бере алады.Балалар үшін білім нәрімен сусындауға қажет құрал-жабдықтың бәрі де қарастырылған. Сәулеті мен келбеті келіскен жаңа ғимараттың ашылу салтанатына ел қуанды. Ауылдың сәнін келтіріп, бой көрсетіп тұрған жаңа мектеп ауыл балаларына да зор қуаныш сыйлады.

АЛМАС ИМАНҚҰЛОВ – ОҚУШЫ:

- Жаңа мектепке қуанып отырмыз,іші кең таза көптеген пәндерді оқытуға арналған жаңа құрал-жабдықтар да бар. Біз егемен елдің ұландары лайықты білім аламыз деп уәде береміз.

Ауданда бұл кұні қос қуаныш орын алды.Тұрбат ауыл округіне қарасты Қызылдихан елді мекеніне Тастақсай өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталып ел игілігіне берілді.Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 94 млн. теңге қаржы бөлінді.Мереке қарсаңында ауыл тұрғындарының мерейі тасып, мәре-сәре күй кешті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары