$ 441.66  475.14  4.86

Тәуелсіздік – ұлттың рухы, жүрегі, қоғамның санасы

Тәуелсіздік – халықтың қазынасы, баға жетпес байлығы. Ұлттың рухы, қоғамның санасы. Мұны әрбір қазақстандық жүрегімен түйсініп, сезінуі тиіс. Себебі, еркіндіктің ақ таңымен Қазақстан небәрі 25 жылда төрткүл дүниеге танылды. Елбасы саясатының сара жолы – Нұрлы болашақты жақындатты. Егемен ел жетістігін Алты Алашқа айғақ еткен жазушы-публицист, облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Мархабат Байғұт түлкібастықтармен жүздесті. Қаламгер жиынды тарихтан бастады.

- 1991 жыл. Қазақстан Тәуелсіздік алды, көптің тілегі орындалды. Халық сенімімен Тұңғыш Президент боп, Нұрсұлтан Назарбаев таңдалды. Бұл тарих ешкімнің жадынан өшпек емес. Содан бері 25 жыл. Ата Заң қабылданды, Қазақстан нарықтық экономикаға жол тартты. Жалпы,шұғыл бетбұрыс 1995 жылдан басталды, - деді Мархабат Байғұт.

Рас. Бүгінде Қазақстан экономикасы дамыған, тұрақты мемлекет. Тауар айналымы 75 млрд. АҚШ долларынан асты. Елбасы екшеген басым бағыттардың бірі ауыл шаруашылығын дамыту болса, бұл тұрғыда Оңтүстік көш бастады. 8 мыңнан астам ұсақ шаруашылықты біріктіретін 81 кооператив құрылды. Бұдан бөлек, ғылым-білімге етене көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелердің де қатары артып отыр. Бір ғана мысал, Түлкібас ауданының 25 жылдағы жетістігінің бірі – бюджет бүйірі томпайған. «Қазына қаражаты 9.7 есеге өскен. Өркендеу әрбір салада, әрбір ауданда бар». Жиында сөз алған Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зайырбек Мырзабаев осылай дей келе, ойын «бұл - бірлігі озған, ынтымағы жарасқан елдің еселі еңбегінің арқасы» деп, түйді. Тәуелсіздікті тұғырлы ету – баршамызға аманат!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары