$ 443.85  474.3  4.8

Тәуелсіздік бабалар дәстүрімен құнды

«Ата баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» тақырыбымен алынған тағылымды шара Оңтүстіктегі үш жүздің басын қосқан киелі мекен – Ордабасы ауданында ұйымдастырылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған игі бастамаға облыстық ардагерлер кеңесі мұрындық болып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс және Бәйдібек аудандарын түлетуге ат салысқан еңбек ардагерлері, көргені, көкейге түйгені көп қариялар қатысқан жиында Ордабасы ауданының тарихы, 25 жылда жеткен жетістіктері паш етілді. Ол бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагерлері және де Ордабасы аудандық ауруханасының басшылығы пікір алмасты. Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков ширек ғасырға шолу жасайтын баяндамасымен жиын маңызын арттырды.

Шараның екінші бөлімі «Әже - ұлт ұйытқысы» тақырыбындағы байқаумен үндесті. Өнерлі әжелер алдыңғы буынның тәлімді жалғасы ретінде тәрбиелік маңызы бар қойылымдарды ұсынды. Қазақы қалып, ата салтты жаңғыртты. Ауылдың алтыауызы мен өрнекті би де сахнада салтанат құрды.

Айтып өтейік, қазағы қалың Оңтүстік өңірдің халқын бірлікке бастайтын мұндай іс-шаралардың маңызы ерекше. Тәуелсіздік бабалар дәстүрімен құнды. Сондықтан, салтты жаңғыртып, дәстүрді дәріптейтін шара күнгейде әлі де жарасымды жалғасын таба бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары