$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Түркістанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тіл-парасат» атты байқау өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шараның басты мақсаты – қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсетіп, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру. Түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткен сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Байқау шарты бойынша, алғашқы тур өзін-өзі таныстыруға арналды. Содан кейін қазақы салт-дәстүрлерге жетік тұстарын сұрақтарға жауап беру арқылы дәлелдеді. Ал, шығармашылық кезеңінде үміткерлер бар өнерін ортаға салды.

Қатысушылардың бірі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқыса, енді бірі Ғабит Мүсіреповтің «Өлімде жеңген ана» шығармасынан үзінді оқып, тарихи кейіпкерлердің рөліне ене білді. Өзге ұлттың өкілі болғанымен, әрбірі қазақстандық екенін салтқа жетік, дәстүрге қанық білімдерімен байқатты. Байқа соңында жүзден жүйрік шыққандар мараптталды. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, №9 Некрасов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Н.Давронбекова бас жүлдені жеңіп алса, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып жүрген Н.Курбансеитова  бірінші орынды иемденді. Өз тілін құрметтеп қана қоймай, өзге тілдің өрісін кеңейтіп, мәдениетін жатқа дәріптеген А.Муртазаева болса екінші орынға қол жеткізді. Жүлделі үшінші орынға Б.Абдусаттарова лайық деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары