$ 448.56  478.03  4.79

Үздіктердің басын қосқан семинар

ОҚО Шардара ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жалпы білім беретін мектепте тәрбие үрдісін ұйымдастырудың замануи амалдары» тақырыбындағы семинар кеңес өтті.

Өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны, әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен саналы тәрбие беру қажет. Бұл бағытта Шардара ауданы Көксу ауылдық округіндегі «Төлеген Айбергенов» мектеп-гимназиясында атқарылып отырған игілікті істер аз емес. Аудандық, облыстық байқауларда жүлдегер атанып жүрген мектеп ұжымы заман талабына сай жаңа оқыту үлгісін қолға алып, жиын өткізуді жөн көріпті. Еліміз әлемдегі алғашқы отыздықтың қатарына енуді мақсат етіп отырған тұста білім жүйесімен де жоғары деңгейден көрінуіміз қажет. Ол үшін ең алдымен ұстаздар қауымының біліктілілі талап етіледі. Семинар кеңесте ел Тәуелсіздігін тұғырлы ету жолындағы биік мақсаттар да әңгіме болды.

Ұлықбек Жұман – «Төлеген Айбергенов» мектеп-гимназиясының директоры

- Бүгінгі біздің аудандық семинарымыздың негізгі тақырыбы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Тұңғыш Президент күніне арналған аудан көлеміндегі үлкен семинар. Бұл семинарды өткізудегі мақсатымыз – біздің әрбір мектептегі оқып жатқан оқушыларымызға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің оңайшылықпен келмегенін баланың, оқушыларымыздың жүрегіне отансүйгіштік қабілетін арттыру мақсатында өтіп жатқан үлкен семинарымыз.

Басты мақсат– білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру. Өзіндік пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу де бүгінгі к.ннің өзекті мәселесі. Сондықтан семинарда мектеп ұстаздары ашық сабақтар өткізіп, коучерлері шеберлік сыныптарында бас қосты. «ХХІ ғасыр білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі» деген Елбасы сөзін берік ұстанған мектеп ұжымы Саналы ұрпақ тәрбиелеу олдардың білімді қаншалықты игергенінде емес, тиімді қолдана білуінде екенін жақсы сезінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары