$ 443.44  480.51  4.88

Отырарлықтар ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының жұртшылығы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ерекше атап өтуде. Ұлттың ұлы перзенті, кемеңгер көшбасшы Тұңғыш Президент күні аудан халқы жергілікті мәдениет үйіне жиналып, бейбіт күннің тұғырлы тұлғасы Елбасына алғыстарын жеткізді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық торқалы тойымен тұспа-тұс келген жиында отырарлықтар азаттық пен Елбасы егіз ұғымдар. Бұл күн барша қазақ жұрты үшін орны ерек мереке. Осыдан тура 25 жыл бұрын қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп таңдап, елді алға сүйрейтініне сенім білдірген-ді. Үміт ақталды. Бүгінде қазақ елі еңсесі тік, алпауыт мемлекетке айналды. Мұның бәрі - Тұңғыш Президенттің сарабдал саясатының арқасы.

«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» деп аталған шара Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, жастарды Отанын, халқын сүюге, патшаға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында шымылдық түрді. Мыңдаған жыл бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтеріп, әлемнің көптеген өркениетті елдерімен дипломатиялық қатынас орнатуы – көрегендіктің белгісі десті. Ұлттық сана мен ұлттық танымға үлкен өзгерістер енгізген Елбасы есімі ел тарихында алтын әріптермен сақталатыны хақ. Жаңа мемлекетті қалыптастырып, жаңа белеске бастаған басшыға деген құрмет қашанда жоғары болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары