Шымкент жол көлік колледжі де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтіп жатқан «25 жұлдызды күн» акциясына қолдау көрсетеді. «Егемендік – Елдігімнің айшығы» атты салтанат осы сөзімізге дәлел.
Іс-шараға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдерінің орынбасарлары, колледж оқытушылары мен студенттер қатысты. Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлсара Ташимова Қазақстанның 25 жылда жектен жестістіктерін жастарға жан-жақты баяндап, айтып берді. Мемлекетіміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы табыстарын талдап, еліміздің алдағы мүмкіндіктерін екшеді. Жиында жастар «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жетістіктері туралы» бейнероликті тамашалады. Шымкент жолкөлік колледж студенттері де өнерлі екен. Бірі өз көзқарасы мен жеке өзіндік позициясын ашық айтса, бірі Елбасыға арнау-тілек оқыды. Белсенді жастар Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістігін тікелей Президент саясатымен байланыстырады.
ГҮЛСАРА ТАШИМОВА - АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Біз алдағы уақытта тағы да бірқатар іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Бұл сол қолға алынған мәдени іс-шаралардың бірі ғана.
Айта кетейік, 21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.
15 желтоқсанға дейін жалғасатын осынау акция «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары» сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады.