$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында түркі әлемінің астанасы атанбақ

Түркістан Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында түркі әлемінің астанасы атанбақ. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев облыс әкімлігінде өткен алқалы жиында мәлім етті.

Әзірбайжан мемлекетінің мәдениет министрінің арнайы сәлемдемесін, яғни, Түркі әлемінің мәдени астанасы белгісін табыс етті. Аймақ басшысы бұл құрмет Түркістан қаласының халықаралық деңгейге көтерілуі үшін үлкен мүмкіндік екенін айтты. Келер жылы Шымкент пен Түркістанда түркі әлемінің басын қосатын ауқымды іс-шаралар өтетінін мәлімдеді.

Мәжілістің күн тәртібінде сондай-ақ, жыл соңына дейін тапсырылатын құрылыс нысандары мен облыс аумағындағы жол-құрылыс жұмыстарының жағдайы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағытының орындалуы қаралды.

Айтып өту керек, ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында облыста Қазақстан халқы  Ассамблеясының жаңа ғимараты, Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Султан Рабат ауылындағы әр ауысым сайын 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, ал, Түлкібас ауданында түрлі әлеуметтік 20 нысан пайдалануға беріледі. Шымкентте де бірнеше тұрғынүйге иелері келіп, жайғаспақ. Қоныстой қуанышы Сарыағаш, Созақ ауданы мен Түркістан қалаларында да болады. Коммуналдық қажеттіліктер де өтеліп, осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен газ құбырын тарту бойынша 34 нысанның 25-і биыл ел игілігіне тапсырылады. 603,9 шақырым жол, 60,8 шақырым аяқжол, 17 көпір, 12 құбыр және 1 теміржол өткелі пайдалануға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары