Мерейлі мереке – Тәуелсіздік күніне де санаулы күндер қалды. Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Нұр Отан» партиясының 10 мүшесі партиялық наградалармен марапатталды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Нұр Отан» еліміздегі белді партиялардың бірі саналады. Партияның Оңтүстік Қазақстанда 110 мың мүшесі бар. Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында өз ісімен көзге түскен екі азамат «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен, бір азамат «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен және жеті белсенді «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Салтанатты жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Калыйма Жантөреева сөз сөйлеп, марапат иелеріне жұмыста табыс тіледі.
МЫРЗАБАЙ НҰРМАНОВ – «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
-Өте керемет көңіл күйде тұрмын. Елеп ескеріп, жұмысымызды бағалап осындай марапат ұсынып жатқанынан өте қуаныштымын.....
Айта кетейік, облыс аумағында 21 қараша күні «21 жұлдызды күн» акциясы басталған болатын. Іс-шара 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Бұл күндері мерекелік концерттер, рухани кештер, халықтық шерулер, әзіл-сықақ театрларының қойылымдары және өзге де шаралар өткізіледі.