$ 442.05  474.14  4.74

Тәуелсіздік тұғыры биікте!

Оңтүстік қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы Мақтарал аграрлық колледжінде осындай атаумен шығармашыл таланттарды тану мақсатында сайыс ұйымдастырылды. Жас шамасы ерекшелінбеген байқауға оқушы да, мұғалім де, студент те қатысты.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген байқау «Тәуелсіздік тұғыры» биікте деп аталды. Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ілкі буын арасында патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында қолға алған шараның негізгі көздегені біреу. Ол дарындыларға дара жол салып, таланттарды тану.

Шараға Мақтарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков қатысып, барлық үміткерге жеңіс тіледі.

«Байқаудың ерекшелігі сол айтулы датаға арналып отыр. Ел егемендігін алған ширек ғасырдағы жетістік енді сіздердің салған суреттеріңіз бен қолөнерлеріңізде бейнеленеді. Идеяны шебер жеткізе білген нағыз талант топ жарып шығатынына сенімдімін», - деді ол сөз сөзінде.

Мұғалімдерден құралған 4, қызметкерлерден 1, студенттерден 8 команда суырылып, алға шықты. Байқау шарты бойынша әр команда атауы мен ұрандарын, эмблемаларын таныстырды. Негізгі тапсырмаға сәйкес, тәуелсіздік нышандары суреттеліп, бейнеленді. Студенттер мен оқытушылар өз мамандықтарына сәйкес жібек жіптен, мақта шиті мен мақтадан, жүннен киіз басу арқылы изонить, декоративті шегелер, кілем тоқу, салат жасау, кекс пісіру, темірден тіпті баклажка қақпақтарынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған туындыларын жасады.

Мәселен, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының тәлімгерлері «25» деген жазуды электр шамдарымен жарқыратты. Айта кетейік, байқауға Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің өкілдері, журналистер мен колледж басшылары төрағалық етті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары