$ 439.4  473.54  4.76

Оңтүстікқазақстандықтар отандық өнімді қолдайды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан жасалған» тауар өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, осы салада үздік көрсеткішке қол жеткізген ауданның бір топ азаматтары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

«Отандық өнімді қолдаймыз!» деп ұрандатқан жастардың ғажайып қимылдармен үйлесім тапқан флэшмобы шараның шымылдығын түрді. Мұндағы мақсат – ширек ғасырлық егемендігімізді ұлықтау, отандық өнім өндіруші шағын және орта бизнес өкілдерін халыққа кеңінен насихаттау, жергілікті өнімдердің брендін қалыптастыру. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, сала өкілдерін жеткен жетістіктерімен құттықтады, мұқалмас қажыр-қайрат тіледі.

«Қазақстанда жасалған тауарлар тұрғылықты халықтың ғана емес, күллі еліміздің мақтанышына айналуы тиіс. Ауданымызда шығарылатын отандық өнімдерге «Қазақстанда жасалған» деген белгі қойылып отыр. Осылайша, біз жергілікті өнімдерге қолдау көрсетудеміз. Отандық тауар өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл қолайлы. Яғни, көз алдында, жақын жерде. Сапасы жоғары, бағасы қымбат емес. Жалпы, бір сөзбен айтқанда, барлығыңыздың көңіліңізден шығады. Еңбектеріңіз жана берсін! Барша отырарлықтарды қазақстандық өнімдерді тұтынуға шақырамын» -деген аудан басшысы осындай шарлар арқылы еліміздің, ауданның өрлеп-өсуіне, экономикасына үлес қосуға көпшілікті үндеді.

Мерекелік көңіл-күй сыйлаған жиын барысында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында тер төккен азаматтарға алғыс хаттар тапсырып, бағалы сыйлықтармен қанаттандырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары