$ 443.35  475.54  4.82

25 күнде 25 жұлдызды шара өтті

ОҚО Бәйдібек ауданында 25 күннің іс-шаралары өз жалғасын табуда. «Мемлкеттік тіл» деп атау алған алғашқы күнінде аудандық орталық кітапхана ұжымы «Мәңгілік елдің – Мәңгілік тілі» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Оған аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков қатысып, сала мамандарын марапаттады.

Жұлдызды күн Мыңбұлақ ауыл округіндегі «Нұра» мәдениет үйінде, аудандық спорт кешенінде жалғасты. «Жаһандық бастамаларды» ұсынған екінші тәулік «Тұңғыш Президент күніне» арналды. «Шаттық» ән-би ансамблінің концерті өтіп, жасөспірімдер арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. «Азаматтық қоғам» тақырыбына байланысты аудан әкімі Б.Танагузов жергілікті қоғамдық ұйым жетекшілері мен БАҚ өкілдерін қабылдап, келелі ойларымен бөлісті. «Бірегейлік және бірлік» деп айдар тағынған жұлдызды күнде Шалдар ауылдық мәдениет үйі «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан» тақырынбында ұлттық би кеші өтті. Білім ошақтарында оқушылар тоғызқұмалақтан жарысты. «Ұлттық валюта» бойынша аудандық жастар сарайында «Тәуелсіздік жолындағы еңбек» атты тақырып қаузалып, ауданның қаржы жүйесіне үлес қосқан сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагузов: «Біздің әрбір жетістігімізде ардагерлеріміздің еткен ерен еңбегі бар. Ағалар салып кеткен сол ізбен біз де жаңылмай жүріп келеміз. Мереке мол табыс әкелсін!», -деп жиылған жұртқа жылы лебізін жеткізді. Мұнан соң «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында Ақтас ауылдық кітапханасы мен Боралдай ауылдық мәдениет үйінде айтулы шара ұйымдастырылды. Осы күні «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» атты ән байқауы мәресіне жетті. «Ғылым және жаңа технология» айдарымен мектеп оқушылары арасында бастау алған ғылыми жұмыстар сайысы қорытындыланды.

Бұл аудандарда өткізіліп жатқан салтанатты кештердің бір парасы ғана. Алда әлі талай қызықтың болатыны анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары