$ 449.58  486.94  4.86

Мақтарал ауданында 6 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді

Толассыз жауған сый. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында бой тіктеп жатқан нысандарға қарап, қуаныштың дәмін еселеп сезінді.

ОҚО әкімі аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын алқапты аймақта Тұңғыш Президент күні және ел егемендігінің ширек ғасырлық мерейтойына байланысты бір күнде 6 әлеуметтік нысанның тұсауы кесілді.

Қазіргі таңда Мақтарал ауданында 60 ұлттың өкілдерінен құралған 300 мыңнан астам тұрғын бар. 5 этно-мәдени, 65 діни бірлестік, мақта мұражайы жұмыс істеп тұр. Соңғы үш жыл аралығында 36 жаңа мектеп және 12 медициналық нысан тапсырылды. Бұдан басқа қосымша 11 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Мәдениет, денсаулық сақтау, жол-көлік құрылысы, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді жаңғырту, балабақшалармен қамтамасыз ету, тағы да басқа әлеуметтік салаларды тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып отыр. Ағын сумен шаруаларды қамтамасыз ету үшін «Тәуелсіздікке 20 жыл» каналы қызмет көрсетіп, қайта жаңғыртылып жатыр. Атап айтқанда, үш ауыл округінде және 9 аралық каналдың ішкі жүйелерін бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 270-тен астам дренаждар іске қосылды. Ал, Кеңесшіл ауылындағы 100 орындық бастауыш мектебі мен өнер және спорт жұлдыздары гүлзарының құрылыстары аяқталып, мерекеде тұрғындарға тарту етілді. Бұдан соң ауданда жергілікті өнімді қолдау мақсатында арнайы көрме өткізіліп, концерттік кеш ұйымдастырылды. Шара соңы спорттық сайысқа ұласып, салтанатты рәсімнің көркін аша түсті. Дәл осы күні Мақтарал кеңшарының құрылғанына 90 жыл толды. Аталған датаны тойлау айтулы мерекемен тұспа-тұс келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары