$ 444.22  476.38  4.82

Түлкібастықтардың қуанышы еселенді

Бақыт қонып, шаттық болған күн. ОҚО, Түлкібас ауданының тұрғындарының есінен кетпес әдемі сәт туды. Жергілікті халықтың Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында қуаныштары еселеніп отыр. Бір күнде бірнеше әлеуметтік нысанның тұсауы кесіліп, көптің тілегі орындалды.

С.Әбубәкірованың қуанышында шек жоқ. Өзі күткендей тозығы жеткен мәдениет үйінің орнына 300 орындық су жаңа зәулім ғимарат бой тіктеді. Енді ол елімізге танымал әншілерді де осы ортадан кезіктіріп, дәстүрлі әндерді ауыл сахнасынан-ақ тамашалай алатын болдық, дейді. «Бұрын соңды болмаған. Іші жап-жарық. Кең. Бұрын облыстан келген әнші-сазгерлердің кешіне бара алмай қиналсақ, енді бәрі осы ортада өтетін болды. Бәрінен бұрын немерелеріме ұлттық ән мен күйімізді ұғындыра алатын мүмкіндік таптық», -дейді жаны өнерге құмар ақжаулықты ана. Республикалық «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 75 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Төрт мыңнан астам халқы бар ауылдық округ тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан. Аталған ауылда күрделі жөндеуден өткен әкімдіктің ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты нысанның құрылысына жергілікті қазынадан 84 млн теңге қаржы жұмсалған. Қазіргі таңда мұнда он беске жуық азамат еңбек етеді. Бұдан басқ «Жанкент» шағын ауданынан 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. 3 қабатты білім ошағы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Жалпы сметалық құны 669 млн 500 мың теңге. Түлкібас ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, жыл соңына дейін тағы 20 нысанның ашылу салатанаты өтпек. Бұл қуаныш егеменді ел болып, еңсе тіктеген Қазақстан халқының баға жетпес байлығы екені ақиқат.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары