$ 444.32  473.33  4.76

Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнін еліміздің ширек ғасырымен байланыстырған мерекені Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының жұрты да дүбірлетіп тойлады. Аудандық Жастар сарайында көпшіліктің басын қосқан салтанатты кеш өтті.

Шарада аудан әкімінің орынбасары А.Темір баяндама жасап, жиылған жұртты айтулы датамен құттықтады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков, ауданның төбе биі Ш.Ілиясов сөз сөйлеп, ақжарма тілектерімен бөлісті. Салтанат соңы аудан өнерпаздарының ерекше қойған мерекелік концертімен ұласты. Бұдан кейін ауыл тұрғындары аудандық спорт кешенінде ұйымдастырылған керемет ойынның куәсі болды.

Біріншілікке 6 команда қатысып, бірінші орынды Шаян көп салалы лицейі жеңіп алды. Екінші орынды Ш.Уәлиханов жалпы орта мектебі місе тұтса, С.Ерубаев атындағы білім ошағының ойыншылары үшінші орыннан көрінді.

Ал, осы сәтте Кеңестөбе ауылдық спорт мектебінде 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен белдесу өтті. Жеңімпаздар да, сайысқа белсенді қатысқан оқушылар да бағалы сыйлықтан құр алақан қайтқан жоқ. Стөл теннисінен де осы күні өткен сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған еді.

Ал, ұлт саулығын бірінші орынға қойған Бәйдібек аудандық емханасының дәрігерлері мереке қарсаңында тегін медициналық көмек көрсетуді бастады. Орталықтан шалғай жатқан ауылдарды аралап, тұрғындарға кеңес берді. Аталған акция ауданда әлі де жалғасып жатыр...  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары