$ 444.32  473.33  4.76

Сегiз отбасыға қуаныш сыйлады

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай облыстық әкiмдiк пен облыстық мәдениет басқармасы бiрiгiп ұйымдастырған «Туған жерге тағзым» қайырымдылық концертi сегiз бiрдей отбасы үшiн нағыз мерекеге айналды. «Түркiстан» сарайында өткен концертте үлкен жерлерге барып емделуге қаржы таппай отырған 8 отбасының әрқайсысына 250 мың теңгенiң сертификаты табысталды.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов бұл қаржының елдiң мерейлi мерекесiне арналған игi бастамалардан түскенiн мәлiмдеп, көпшiлiктi Тәуелсiздiк мерекесiмен құттықтады.

«Туған жерге тағзым» қайырымдылық шарасында Оңтүстiктiң атын елiмiзге танытып жүрген Ж.Жексенұлы, М.Омаров, Т.Мамырханұлы, Шаһизада, Қ.Үмбет секiлдi өнерпаз жерлестерiмiз әсем әннен шашу шашты. Ал, облыстық әзiл-сықақ және сатира театры, «Шаншар», «Шымкент шоу», «Нысана» театрлары әдемi әзiлдерiмен көпшiлiктiң көңiлiн көтердi.

Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде ондаған іс-шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында әдеби және рухани кештер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің көрмелері бар. Сонымен қатар, қайырымдылық шаралары да әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына үлкен мүмкіндіктер туғызбақ. Жалпы, аталған акцияның өзі 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары