$ 447.4  477.55  4.76

Бiз әрқашан көмекке келуге дайынбыз!

Қазақстандықтар ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын тойлау қарсаңында түрлi  әлеуметтiк-экономикалық саладағы жетiстiктерiмiздi ерекше ықыласпен қабылдауда.

Тәуелсiздiктiң қалыптасуы басында Тұңғыш Президент және Қазақстан Үкiметi қойған ауқымды жоспар халықтың ынтымақтастығының арқасында  ойдағыдай орындалуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың ашықтығы мен алғырлығы Қазақстанның әлемдегi дамыған елдердiң арасынан орын алуға мүмкiндiк бердi.

Ең әуелi азаматтардың әл-ауқатының өсуiне бағытталған мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi бағдарламалардың арасында халықты қорғау мәселесi әрқашан мемлекеттiк саясаттың маңызды бағыттарының бiрi болды.

Тәуелсiз Қазақстанның 25 жылдық тарихында қалыптасқан және дамыған республикалық құтқару қызметi – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар комитетi бүгiнде жеке құрамында 30 мыңнан астам сақадай-сай дайындалған сарбазы бар мықты армияға айналды. Қазiр азаматтық қорғау органдарының құрылымы халықтың тыныштығын қамтамасыз ете алатын және табиғи және техногендi төтенше жағдайлардан қорғай алатын үлкен жүйеге өсiп жеттi.

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi осы үлкен жүйенiң бiр буыны ретiнде төтенше жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу мәселесiн табысты шешiп келедi. Облысымыздағы табиғи байлықтарды, халықты, түрлi нысандарды берiк қорғауды қамтамасыз ету үшiн  материалдық-техникалық базаны нығайтуға, облыстағы өрт сөндiру-құтқару бөлiмшелерiн инновациялық техникамен қайта жарақтандыруға, жаңа үлгiдегi өрт сөндiру деполарының құрылысына және ең соңғы үлгiдегi арнайы техникаларды сатып алуға жыл сайын  республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржы көлемi ұлғаюда.  Сөзiмiздiң дәлелi ретiнде 2015 жылы Шымкент қаласындағы «Достық» жаңа шағынауданындағы штаттық саны 126 адам қызмет ететiн өрт сөндiру депосының ашылуын, Кентау қаласындағы ескi өрт сөндiру бөлiмiнiң күрделi жөндеуден өткенiн атауға болады.

Жергiлiктi атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастық орнату нәтижесiнде ТЖД-нiң құтқару бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасы нығайтылды.  Соңғы жылдары оларды жабдықтандыруға 177 110 млн. теңге бөлiнiп, автомобиль және арнайы техника паркi 50%-ға жаңартылды. Жауынгерлiк және шұғыл дайындықты көтеру үшiн ТЖД-да заманауи өрт сөндiру және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары «Марш-Бронто» техникасы, апаттық-құтқару автокөлiктерi, өрттi зерттеуге мүмкiндiк беретiн және өрттiң шығу себептерi мен көздерiн анықтайтын өрт сөндiру зертханасы бар. Кез келген жолда жүре беретiн «Трекол» автомашинасы жол жабылған кезде және қар басып қалған жағдайда құтқару жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

2016 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың көмегiмен Сарыағаш және Отырар аудандарында 2 құтқару бекетi құрылды. Республикалық маңызы бар және облыстық автомобиль жолдарында, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы аудандарының апатты-қауiптi аумақтарында 3 трассалық медициналық-құтқару пунктi құрылды.  

Жедел ден қою үшiн департаменттiң дағдарыс орталығында аудандық және қалалық төтенше жағдай басқармаларымен және бөлiмдерiмен бiрыңғай бейнеконференциялық байланыс жүйесi орнатылған.

2016 жылдың басынан берi департаментте облыстағы төтенше жағдай орын алған жағдайда немесе қауiп жайлы шұғыл және уақтылы хабарлауға мүмкiндiк беретiн бiрнеше бағдарлама қосылды: олар – «Вестник» заманауи құлақтандыру кешенi,  FM  радиохабарландыру және санды, ұқсас телевизиялық каналдарды ұстайтын медиасервер.

Ағымдағы жылдың 10 айында «112» телефонына тұрғындардан түскен  және өңделген қоңырау саны  535713 болды. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда  «101» нөмiрiне түскен қоңырау саны 2,7  есе өскен және негiзгi қызмет бойынша соғылған қоңырау саны 10,2 есе өскен.

 ТЖД қызметкерлерi 5953 рет  шұғыл шақыртуға шыққан. 17 апаттық-құтқару жұмыстары жүргiзiлген, 688 рет өрт сөндiруге, өрт ретiнде есепке алынбайтын жану оқиғаларына 4605 рет шыққан.  Төтенше жағдай  аймағынан 1382 адам құтқарылды және көшiрiлдi, iздестiру мен құтқаруға 60 рет, халыққа көмек көрсетуге 371 рет шығып, 9 адамға медициналық көмек көрсетiлдi.+

Биiк межелердi бағындыруымыз  алдымызға жаңа мiндеттер қоюға мүмкiндiк бередi, азаматтық қорғау жүйесiне инновацияны енгiзуге және алдағы уақытта табиғи және техногендi апаттармен күресетiн күштердi нығайтуға жағдай жасайды.

Нұрболат ДЕРБIСОВ, ОҚО төтенше жағдайлар департаментiнiң бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары