$ 446.49  475.38  4.79

«Қазақтың iскер жiгiттерi көбейе берсiн!»

Ел Тәуелсiздiгi туралы сөз қозғалғанда Елбасы жайлы айтпау мүмкiн емес. Дамудың өркениеттi жолына түскен халқымыз ел өмiрiндегi барлық жақсылықты, әр саладағы сәттi қадамдарды Елбасы есiмiмен тiкелей байланыстырып келедi.

Кеңестер одағы тараған соң барлық салада дағдарыстың орын алғаны белгiлi. Жасыратыны жоқ, осындай өтпелi кезеңде Оңтүстiк Қазақстан облысының экономикасын алға сүйрейтiн бiрден-бiр сала – мақта шаруашылығының тығырыққа тiрелгенi мәлiм. «Әрi тарт та берi тартты» желеу еткен жекешелендiру кезiнде қарапайым шаруаның мүддесi мүлдем  ескерiлмей қалды. Бұдан шығу, әрине, оңай болған жоқ. Нарық заңдылығын игеру, кадр мәселесiн шешу, ескi дағды, ескiше ойлаудан арылу бiз үшiн оңайға түстi деп айта алмаймыз. Қалайда аз уақыттың iшiнде қиындықты артқа тастау қажет болды. Мiне, осы кезде Елбасының ұйытқы болуымен Оңтүстiкте мақта-тоқыма кластерiнiң қолға алынуы мақта шаруашылығына тың серпiн берген игi бастамаға айналды. Бастаманы iлiп әкеткен жергiлiктi iскер азаматтар мақта алқабының табанын құрғатпай, мақта өңдейтiн зауыттар аша бастады. Шындығында, мақта кластерiн дамыту стратегиялық тұрғыдан өте ұтымды қадам болды.

Мақта кластерi жайлы сөз қозғағанда Елбасының 2002 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарына тоқталмай кету мүмкiн емес. Сол жылдың 24 қазаны күнi Тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаев Шардара ауданының Қызылқұм ауылына арнайы келiп, осындағы «Нимэкс» корпорациясының мақта тазарту зауытының ашылу рәсiмiне қатысты. Мен ол кезде корпорацияның Түркiстан қаласындағы филиалына басшылық жасайтынмын. Елбасы келедi дегендi естiп, жақын маңдағы аудандардың мақта өсiрумен айналысатын iскер азаматтары сонда жиналдық. Президент сол келiсiнде кәсiпкерлермен емен-жарқын кездесу өткiзiп, «ақ алтынның» келешегiне қатысты сындарлы ойын ортаға салды. Бұл бойымызға жiгер ұялатқан есте қаларлық кездесу едi. Мұнан соң жаңадан бой көтерген мақта тазарту зауытының жұмысымен танысып, емдеу-сауықтыру кешенiн аралап көрдi. Алақандай ауылдағы игi тiрлiктерге көңiлi тоғайып, «осындай iстi қолға алып жатқан қазақтың iскер жiгiттерi көбейе берсiн!» деген жүрекжарды тiлегiн бiлдiрген едi.

Мiне, Президенттiң осы сапары мақтаға деген көзқарастың күрт өзгеруiне себеп болды. Өңiрдiң 8 ауданында өсiрiлетiн «ақ алтынның» мүмкiндiгiн толықтай пайдалану үшiн кластерлiк жүйе қолға алынды. Мемлекеттiң осы салаға айрықша назар аударуының арқасында мақта өсiрушiлер еңсесiн тiктей бастады. Тоқсаныншы жылдардағыдай емес, қазiр ауылдың жағдайы жақсарып, мақташылар төккен терiнiң жемiсiн көрiп келедi. Еңбек өнiмдiлiгiнiң артуына соңғы кезде диқандардың жаппай заман талабына сай техникамен жарақтануы да септiгiн тигiзгенi жасырын емес. Бұл жетiстiктi жергiлiктi жұрт ең әуелi елiмiздiң егемендiгiмен, Елбасының ерен еңбегiмен тiкелей байланыстырады. 

Мақта-тоқыма кластерiнiң бүгiнгi қадамдары – жарқын болашақтың бастамасы ғана. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында Қазақстан тек мақта өндiрушi ел болса, ендi елiмiз мақтаны өндiрумен қатар терең өңдеушi, дайын өнiм шығарушы мемлекетке айналып келедi. Бұл – Қазақстанның индустриялық дәрежесiн айқындайтын факторлардың бiрi. Елбасының ерекше назарындағы отандық мақта кластерi Оңтүстiк өңiрiнiң ғана емес, елiмiздiң де өркендi дамуына ерекше серпiн берiп, экономикалық тәуелсiздiктi нығайтуға сүбелi үлес қоспақ. Сондықтан қазақ мақтасының ғана емес, мақта өнiмдерiнiң де әлемдiк нарыққа шығуы — Тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының жемiсi екенi даусыз.

Сәкен ҚАНЫБЕКОВ, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары