$ 442.05  474.14  4.74

Өңiр медицинасы өзгелерге өнеге

Ширек ғасыр iшiнде елiмiздiң денсаулық сақтау саласында  да үлкен серпiлiс жасалды. Әсiресе, үшiншi мегаполис саналатын Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнiң медицинасы да айтарлықтай табыстарға жеттi. Атап айтқанда, Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы (ШҚЖМККА) республикадағы аймақтар арасында тұңғыш рет  адам ағзасын трансплантациялау бағдарламасын сәттi игердi.

Жергiлiктi дәрiгерлер Оңтүстiк Корея, Ресей Федерациясы, Беларусь, Түркия мемлекеттерiмен тығыз iскерлiк байланыста болып, алыс және жақын шетелдерде оқып, бiлiмдерiн жетiлдiрдi. Ал, бiлiктi мамандар Шымкентте шеберлiк сыныптарын өткiзiп, өздерiнiң бай тәжiрибелерiмен бөлiстi. Аталмыш аурухананың материалдық-техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен толықты. Диагностикалаудың, ота жасаудың және емдеудiң озық технологияларымен қаруланған бiздiң дәрiгерлер  науқастардың ағзаларын ауыстыру сияқты күрделi операциялар жасауға машықтанып, трансплантациялау iсiн меңгере бастады. Өңiр медицинасы сырқаттың соқырiшегiне ота жасаудан ағза мүшелерiн ауыстыруға дейiнгi күрделi кезеңдерден сүрiнбей өтiп келедi. Қол жеткен табыс олар үшiн шек емес. Бүгiнгi таңда 80-ге жуық науқастың бүйрегi ауыстырылып, 8 науқастың бауырына трансплантация жасалды. Кезекте тұрғандар әлi көп.

Биылғы  7-9 желтоқсанда ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы  және Түркiстан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң құрылғанына 25 жыл толу құрметiне  арналған халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өтпек. Облыс орталығындағы «Шымкент» қонақүйiнде бастау алатын бұл шара үш күнге созылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл үлкен шараға Ресей, Беларусь, Литва, Түркия, Қырғызстан, Әзiрбайжан, Өзбекстаннан және елiмiздiң өзге аймақтарынан 100-ге тарта көрнектi ғалымдар мен бiлiктi мамандар, дәрiгерлер келедi деп күтiлуде.

– Ел Тәуелсiздiгiнiң ширек ғасырлық мерейтойы мен қос  мемлекеттiң басшылары – Қазақстан мен  Түркия Президенттерi бiрiгiп, алғаш қазығын қаққан Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң құрылғанына 25 жыл толу мерекесi тұспа-тұс келiп отыр, – дейдi М.Биғалиев. – Жылдар өте келе бұл iргелi бiлiм ордасы өңiрiмiздiң ғана мақтанышы емес, елiмiздiң көшбасшы жоғары оқу орнына айналды. Оның материалдық-техникалық базасы барынша нығайтылды. Жаңа оқу ғимараттары заман талабына сай жабдықталған. Аталмыш университеттiң қабырғасынан қаншама мамандар қанат қақты десеңiзшi?! Конференция өткiзудегi мақсатымыз ҚР Президентi Н.Назарбаевтың шынайы қамқорлығының арқасында осы жылдар iшiнде өңiр медицинасының қарапайым соқырiшек отасынан адам ағзасын трансплантациялау сияқты күрделi операцияларды жасауға қол жеткiзген табыстарды паш ету, – дейдi медицина ғылымының докторы, профессор  Мәди Қожаұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары