Бүгiнде бүкiл әлем жұртшылығының алдында ортақ Отанымыз — Қазақстан Республикасының еңсесi биiк, азаттық туын желбiретiп, Тәуелсiз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығын тойлау басталып кеттi. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтердi.
Сондықтан да 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi» болып ресми түрде жарияланды.
Ел халқы үшiн мерейлi мереке болып табылатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен бәрiңiздi шын жүректен құттықтаймын!
Бiз Ұлт Көшбасшысының стратегиялық дарындылығы, даналығы, болашақты күнi бұрын болжау қабiлетi мен мақсатқа жету қайсарлығының арқасында тәуелсiз елiмiздiң жаңа тарихы басталғанын ерекше мақтанышпен сезiнемiз. Экономиканың тұрақтылығы мен саяси жаңарулар және дағдарыстарды еңсеру жөңiнде ойластырылған қуатты жобалардың бәрi Елбасының атымен байланысты екенi күмәнсiз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң басқаруында елiмiз бәсекеге қабiлеттi мемлекетке айналды. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамында адам капиталын ұқыпты да тиiмдi пайдалану жүзеге асырылып келедi.
Жаңа тәуелсiз мемлекеттiң iргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қауымдастықтар мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы ретiнде танылуда. Сондай-ақ, әрбiр қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елдi кемел келешекке жетелейтiн игi iстердiң қолдаушысы.
Бұл — ұлы мереке егемендi Қазақстанның мызғымас бастауларының символы, ел тағдыры үшiн жауапкершiлiктi мойнына артқан тұлғаға құрмет көрсету мерекесi!
Осы айрықша мәнi бар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi күнiмен және Тәуелсiздiктiң төл мерекесiмен барлық отандастарымды құттықтаймын! Елiмiздiң одан әрi өрлеп, өркендеуi жолындағы әр азаматтың еңбегi жана берсiн! Әрбiр оңтүстiкқазақстандыққа зор денсаулық, отбасына бақ пен береке тiлеймiн!
Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы.