$ 444.22  476.38  4.82

Қайырымдылық жәрмеңкесi

Ел Тәуелсiздiгiнiң ширек ғасырлық мерейтойы республика көлемiнде «25 игi iс» бойынша жүзеге асырылып, әр күнi жақсылықпен жалғасуда. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнде «Жақсылық жаса» қайырымдылық жәрмеңкесi өтiп, онда жақсы жандардың жанашыр iстерi көрiнiс тапты.

Әлеуметтiк жағдайы төмен отбасында тәрбиеленушi ұл-қыздарға қолдау көрсету, «ЭКСПО—2017» халықаралық көрмесiне қатысуына қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке зияткерлiк мектеп ұжымының ынтымағы жарасқан ұжым екендiгiн танытты.

Ұстаздар қауымы мен ата-аналар iс-шараның жоғары деңгейде өтуiне белсене атсалысты. Олар өздерi жасаған сәндi қолөнер бұйымдарын (тоқыма киiмдерi, көрпе, қоржын, киiзден жасалған картиналар, әшекейлер), үй тұрмысына қажеттi заттарды, өздерi дайындаған кондитерлiк тағамдарды, ыстық тағамдарды базар нарқынан төмен бағада сатылымға шығарды. Ал, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының мүшелерi сатып алушыларға тауардың сапасын түсiндiрiп, ұйымдастыру жұмыстарына көмектестi. 

Сондай-ақ, айта кету керек, дәл осы Назарбаев зияткерлік мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, жас робот жасаушылардың көрмесі, «Тәуелсіздік» флешмобы, ғылыми сайыстар және тағысын тағы. Ал, ең бастысы – мұнда еліміздің егемендігін нығайтатын, дамуымызға кепіл бола алатын дарынды жастар оқып келеді.

Әйгерiм ҚАЛДАРБЕКОВА, педагог-ұйымдастырушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары