$ 448.56  478.03  4.79

Тәуелсiз елдiң тiрегi

Шәрiпбек ЖАМАЛБЕК, «ОҚО Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты:

— Шәрiпбек Жамалбекұлы, «Ұлы Дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» жұлдызды 25 күн акциясының кезектi бiр күнi Азаматтық қоғам институттарына арналып отыр. Айтыңызшы, елiмiз егемендiкке қол жеткiзгелi үшiншi сектор қандай белестердi бағындырды, ол жас мемлекеттiң сенiмдi тiрегiне айнала алды ма? 

— Өзiңiзге белгiлi, Қазақстанның әлемдiк өркениеттi мемлекеттердiң қатарына кiруiнiң басты шартарының бiрi – азаматтық бейбiтшiлiк пен iшкi саяси тұрақтылықты сақтау. Елбасы бiзге көпұлтты қоғамның бiрлiгiн нығайтып, барлық отандастарымызды елдiк мақсатқа жұмылдыру, өзектi әлеуметтiк проблемаларды көтерiп, оларды дер кезiнде шешуге атсалысу арқылы iшкi тұрақтылықты нығайту сынды жауапты мiндеттер жүктедi. Менiңше, үшiншi сектор мұның үдесiнен шығып отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына толағай табыстармен жетiп отырмыз деп сенiммен айта аламыз.

— Өзiңiз басқарып отырған облыстық «Азаматтық альянстың» жұмысына қысқаша тоқталып өтсеңiз...

— Облыстық Азаматтық альянстың құрамында 75 мүше бар. Олардың 43-i үкiметтiк емес ұйым болса, 32-сi бизнес-құрылым. Бұл айтарлықтай салмақты әрi ең бастысы, тиiмдi азаматтық күш. Демек, «Азаматтық альянс» облысымыздың қазiргi дамуындағы кез келген мәселенi шешуге атсалысуға қабiлеттi.

Бiздiң жұмысымыздың басымдыққа ие бағыттарының барлығы ауылда, тiкелей ауыл тұрғындарымен жұмыс iстеуге қатысты. Өңiрдiң барлық аудандарында ауылдық үкiметтiк емес ұйымдарға практикалық қолдау көрсету мақсатында ақпараттық-ресурстық орталықтар ашылған. Онда кiтапхана, интернетке қосылу мүмкiндiгi бар компьютерлер жұмыс iстейдi. Бiр сөзбен айтқанда, тәжiрибе алмасуға қажеттi жағдайдың барлығы жасалған.

«ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының өңiрлiк ақпараттық-ресурстық орталығы үкiметтiк емес ұйымдардың жұмысын үйлестiрiп, оларға әдiстемелiк қолдау көрсетiп отырады. Жастарға арналған семинар-тренингтер өткiзiлiп, ерiктiлер желiсiн дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижелi жүргiзiлуде, әлеуметтiк жобалар бiрлесе жүзеге асырылуда. Жаңадан құрылған ҮЕҰ-ларға ақпараттық-ұйымдастырушылық қолдау, олардың құқықтық-қаржылық құжаттарын ресiмдеуге көмек көрсетiлуде.

«Азаматтық альянс» Шымкент қаласы әкiмдiгiмен бiрлесе отырып «Таза қала» акциясын ұйымдастырып келедi. Бұл акцияның басты мақсаты — тұрғындардың бойында өз қаласына деген мақтаныш сезiмiн, сүйiспеншiлiк пен жанашырлықты қалыптастыру.

Үкiметтiк емес ұйымдар жұмысының тағы бiр басымдыққа ие саласы – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Бұл тұрғыда үкiметтiк емес ұйымдар бизнес-құрылымдармен, барлық деңгейдегi мәслихат депутаттарымен және азаматтық қоғамның басқа да институттарымен бiрлесе жұмыс iстеп келемiз. Мiне, алты жылдан берi облыста «Қайырымды iстер эстафетасы» жалғасын табуда. Ал, биыл «Азаматтық альянстың» бастамасымен «25 игi iс» акциясы өттi. Аталған iс-шаралардың аясында көпбалалы, аз қамтамасыз етiлген отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүмкiндiгi шектеулi жандар секiлдi әлеуметтiк әлжуаз топтарға көмек көрсетiледi.

Әрине, өткiзiлген акциялар мен жеткен жетiстiктерiмiз жөнiндегi әңгiменi мұнан әрi қарай да жалғастыра беруге болар едi. Бiрақ басты мәселе ол емес. Ең бастысы, «Азаматтық альянс» әлеуметтiк мәселелердi шешу мен iшкi саяси тұрақтылықты нығайту барысында мемлекеттiк құрылымдардың шынайы әрiптесi болып табылады.

— Алдағы жоба-жоспарларыңызбен де бөлiсе отырсаңыз...

-- Жақында ғана облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың қатысуымен Азаматтық форум өткенi белгiлi. Сонда шешiмiн күткен мәселелер мен алда қолға алынуы тиiс жұмыстарды пысықтап алдық. Бiрiншiден, ауылдық жерлердегi үкiметтiк емес ұйымдар аудандық iшкi саясат бөлiмдерi тарапынан көрсетiлетiн қолдау мен түсiнiстiкке мұқтаж.

Екiншiден, мемлекеттiк тапсырыс аясындағы әлеуметтiк жобалардың нәтижелiлiгiн тұрақты ету үшiн ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк жобалардың қаржыландыру уақытын 3 жылға дейiн ұзарту керектiгiн алға тарттық.

Үшiншiден, жобалардың тиiмдi жүзеге асуы үшiн мемлекеттiк тапсырыс бойынша конкурстарды қазiргiдей жылдың ортасында емес, жылдың басында өткiзу керек. Бұл үкiметтiк емес сектордағы алдағы атқарылатын шаруалар. Егер барлық деңгейдегi әкiмдiктердiң жанында үкiметтiк емес ұйымдармен жұмыс жөнiндегi кеңестер қызмет атқаратын болса, бұл мәселелердiң барлығы уақытында шешiлерiне сенiмдiмiн.

Қорыта келе, бiз Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жүктеген мiндеттерiн орындау жолында азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды бар күш-жiгерiмiздi жұмсай отырып жалғастырамыз. Азаматтық қоғамды дамыта түсу үшiн шын мәнiндегi демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет қалыптастырамыз. Тәуелсiздiктiң 25 жылында қол жеткiзген табыстарымызды еселей түсемiз.

-- Әңгiмеңiзге рахмет!

Сұхбаттасқан Айдар ҚҰЛЖАНОВ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары