$ 443.85  474.3  4.8

Мақсат — мемлекеттiк рәмiздердiң қадiрiне жету

«Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» жұлдызды 25 күн акциясының екiншi күнi — «Мемлекеттiк рәмiздер» күнi ретiнде аталып өткенi белгiлi. Осы күнi Арыс қалалық бiлiм бөлiмiне қарасты №2 бастауыш мектебiнде «Ел рәмiздерi – Тәуелсiздiгiмiздiң басты белгiсi» тақырыбында салтанатты жиын өттi.

Шараның мақсаты жас ұрпақты елiмiздiң ширек ғасырда жеткен жетiстiктерiмен таныстыру, мемлекеттiк рәмiздерiмiздi қадiрлеуге шақыру.

Салтанатты жиын барысында оқушылар Отан, Қазақстан, туған жер, Тәуелсiздiк, бақытты балалық шақ тақырыптарында тақпақтар айтып, әннен шашу шашты. I LOVE KZ флешмобы аясында мемлекеттiк тумен суретке түстi.

Мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге арналған iс-шара Арыс қаласының орталығында да өтiп, жалынды жастар көк туды желбiретiп алып жүрдi. Iс-шара соңы концерттiк бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, дәл осындай рәміздерді құрметтеуге арналған мерекелік іс-шаралар Шымкенттен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында болып өтті. Әсіресе жастар белсенділік танытып отыр. Колледж бен университет студенттері ұйымдастырған флешмобтарды айтпағанда, жастар тарапынан мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар және ашық сабақтар өтті.

Естеріңізге салайық, Оңтүстік Қазақстан облысында «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» жұлдызды 25 күн акциясы өтіп жатыр. 21 қарашада басталған акция 15 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары