$ 444.22  476.38  4.82

Әрбір жеңіс - анадан

Жаудан қорғар батыры болса да, ақ жаулықтыдан алғыс алған елдің абыройы әрдайым биік. ОҚО Шардара қаласындағы білім ордасы оқушыларды алтын құрсақты аналармен жүздестірді. Басты мақсат – егемен елдің әрбір елеулі, дара тұлғасын кейінгі ұрпаққа дәріптеу.

Білікті мамандарды даярлап, жоғары оқу орындарымен қатар оқытып жүрген  Шардара қаласындағы №16 кәсіптік колледжінің жарты ғасырға жуық тарихы бар. Бәсекеге қабілетті білім ордасына айналған колледжге түсуге әр жас талпынады. Өйткені, мұнда замауи білімнен бөлек, рухани тәрбие терең беріледі. Соның жарқын белгісі деп, студенттердің  алтын құрсақты аналармен кездесуін айтуға болады.

Гүлжанат Шертаева – №16 колледж директорының орынбасары:

- Мұндағы мақсатымыз – 25 жылда жеткен жетістіктерімізді өсіп келе жатқан ұрпаққа түсіндіру, тәуелсіздігіміздің қандай қиыншылықпен келгенін, оның біз үшін қаншалықты қымбат екенін және жастарға осы тәуелсіздікті сақтап қалу аманат екенін түсіндіру. Іс-шара тек колледж аясында емес осы өңірдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген әртүрлі саладағы азаматтарды шақырып, осындай жастармен таныстырып, олармен ой бөлісіп, пікір алмасып жатырмыз.

Кездесу барысында колледж студенттері өмірден түйгені мол жандармен емен-жарқын сұхбаттасты. Қазіргі жастар арасында еліктеушіліктің салдарынан, инабат пен ибалылық әлсіреп, керағар діни ағымдардың белең алып бара жатқаны да сөз болды. «Мұндай жат қылықтармен күресудің бірден-бір жолы – терең білім алу», - дейді жиынға қатысушылар.

Жарылқасын Ізбайқызы – «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі:

- Тек қана ән айтып, сахнаға шығып емес, осы өзімізден кейінгі ұрпақтарға өз білген-түйгендерімізді, бұрынғы ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін жеткізсек деген үмітпен жүргенбіз. Мінеки, біздің әжелер ансамблінің жетістігі жаман емес деп ойлаймын, қай жерге барсақ та Аллаға шүкір біздің әңгімемізді тыңдап, бізге үлкен көңіл бөледі.

Сондай-ақ, басқосуда Елбасының жастарға жасап отырған қамқорлығы, білім мен ғылымға қарастырылған мол мүмкіндіктер паш етілді. Келелі кездесу соңы колледждегі студент қыздар арасында өткен воллейбол жарысына ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары