$ 445.66  474.58  4.78

Ел еңсесін тіктеуге күш салғандар марапатталды

Тәуелсіздік тұғырын бекем ету жолында талмай еңбек еткендерді Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының басшылығы да марапаттады. Аудан әкімі өңірдің өсіп-өркендеуіне ат салысқандарға «Тәуелсіздікке 25 жыл» төсбелгісін тақты. Олардың қатарында түрлі сала өкілдері, еңбек адамдары мен мемлекеттік қызметкерлер де бар. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр деп жазады Shymkenttv.kz.

Тәуелсіздік тойына орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімінде аудан әкімі Ғалым Исмаилов сөз бастады. Ол өңірдің 25 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталды. Ширек ғасырда  аудан экономикасы 30 есеге өскен.  Аймақта 60-қа жуық әлеуметтік нысан салынған. Оның 90 пайызы - білім ошақтары. Ал, аудан жастары бұл жетістіктің барлығын  Тәуелсіздіктің ақ таңы атуымен ұштастырды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай марапатталған барлық азамат Мырзашөл жерінің дамуына әлі де ат салыса беретіндерін жеткізді. Мерекелік шара Елбасының тікелей эфирдегі құттықтау сөзімен қорытындыланды. «Ел еңсесін тіктеген Ұлық мерекенің мерейі мәңгілік үстем болғай»  деп тарқасты.

Айта кетейік, мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына үлес қосқан азаматтардың барлығы дерлік өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолынан арнайы марапаттар алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары