$ 444.22  476.38  4.82

Еңбек ерлері мерекелік төсбелгімен марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгілермен марапаттау рәсімі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы мен Түркістанда да болып өтті. Бұл күні азаттық жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне сүбелі үлес қосқандарға ерекше құрмет көрсетілді. Отырар ауданында салтанатты шара ұйымдастырылса, Түркістан билігі марапат иелерін үйлеріне барып марқайтты.

Тарихы тереңде жатқан қасиетті Отырар жұрты торқалы тойдың мәнін ұғынып қана қоймай, бейбіт күннің рахатын сезінуде. Арнайы медаль тағып, көңілдері жадырады. Жетістік – елдегі саясат пен Елбасының көрегендігінің жемісі деп біледі.

Төсбелгі тағып, марқайғандардың ұзын саны - 20-ға жуық. Олар ауданның құрметті азаматтары мен түрлі шаралардың белсенділері.

Ал, түркістандық медаль иелері - еңбек ардагерлері. Талай жыл белсенді еңбек еткен қариялардың билікке алғысы шексіз.

Осылайша, көршілес жатқан қос аудан тұрғындары Тәуелсіздік тойының шарапатына кенелуде. Еткен еңбек пен төккен тер текке кетпей, ел кәдесіне жарап отыр.

Айта кетейік, мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және әлеуметтік, рухани дамуына үлес қосқан азаматтардың барлығы дерлік өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолынан арнайы марапаттар алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары