$ 443.35  475.54  4.82

Үздiк жазбагерлер анықталды

Әлеуметтiк желi қолданушылары арасында жарияланған  «Қазыналы Оңтүстiк» байқауы межеге жеттi. Облыстық iшкi саясат басқармасы мен ҚР Журналистер одағы ОҚО филиалы ұйымдастырған  бәйге жеңiмпаздары жақында марапатқа ие болды. Жүлдегерлердi басқарма басшысы Болат Төлеген мен одақ филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова құттықтап, марапаттады. 

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған «Қазыналы Оңтүстiк» байқауы 9 тамызда жарияланған болатын. Оған қатысуға 50-ге жуық үмiткер қызығушылық танытып, мәреге  19 жазбагер жеткен.

- Байқау арқылы әлеуметтiк желi қолданушыларын өңiр тарихына үңiлуге, тәуелсiз елiмiздiң 25 жылда жеткен жетiстiктерiне байыппен  қарауға шақыруды көздедiк, - дейдi Б.Төлеген. 

Арнайы құрылған  комиссия блогерлер мен журналистердiң жазбаларын  екшеп,  19 үмiткердiң барлығын  жүлдеге лайықты деп  таныды.  Жүйрiктер  «Бәсекеге қабiлеттi өңiр», «Еңбекқор халық», «Оңтүстiк туризм», «Оңтүстiктiң өнегелi тұлғалары», «Шежiрелi Оңтүстiк», «Оңтүстiк өнiмi», «Оңтүстiк мәдениетi», «Қонақжайлы Оңтүстiк», «Бiрлiгi жарасқан Оңтүстiк» номинациялары бойынша марапатталып, қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды. Жеңiмпаздар  арасында «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң арнаулы тiлшiсi Өмiрзақ Ақжiгiт («Оңтүстiктiң өнегелi тұлғалары», 100 мың теңге) пен әлеумет бөлiмiнiң аға тiлшiсi Ғабит Сапарбеков («Оңтүстiк спорт саңлақтары», 150 мың теңге) те бар.  Жүлде құтты болсын, әрiптестер!

Сондай-ақ, мереке қарсаңында «Оңтүстiк Қазақстан» газетi ұжымының қызметкерлерi де түрлi марапаттарға ие болды. Заң және заман бөлiмiнiң меңгерушiсi Дәулет Тұрсынұлы облыстық соттың «Үздiк автор» номинациясын иеленсе, осы бөлiмнiң аға тiлшiсi Назгүл Назарбекова облыстық төтенше жағдайлар департаментiнiң Алғыс хатымен марапатталды. Руханият бөлiмiнiң меңгерушiсi Үмiтхан Алтаева мен осы бөлiмнiң аға тiлшiсi Лаура Тастанбек облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары