$ 446.49  475.38  4.79

А.Орман — «Достық» орденiнiң иегерi

Тәуелсiздiк күнi қарсаңында ҚР Президентi Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №382 Жарлығымен бiр топ оңтүстiкқазақстандық мемлекеттiк наградалармен марапатталған едi. Солардың бiрi – «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нiң бас директоры, «Ақжол» ХДП ОҚО филиалының төрағасы Анарбек Орман.

«Достық» орденi А.Орманға Астанада тапсырылды. «Ақжол» партиясы аясында халықты ауызбiршiлiкке, ынтымаққа шақырып жүрген азаматқа бұл әбден лайық марапат.

Айта кетейік, Анарбек Оңғарұлы 1995-1997және 2006-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған. Сондай-ақ, 2009-2012 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашлығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетін басқарды.

Осы ретте айта кету керек, Мемлекет басшысының «Достық» ордені еліміз бойынша санаулы ғана азаматтарға берілді. Ал, мерекелік «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалін алғандардың қатарында оңтүстікқазақстандық азаматтар жетерлік.

Бұл күні марапат алғандар қатарында өз ісінің үздіктері, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар, қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары және қарапайым қазақстандықтар болды.

Ал, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі Оңтүстік Қазақстанда «25 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылды. Айтулы акция аясында концерттік бағдарламалар, рухани және әдеби кештер, қолөнер шеберлерінің және суретшілердің көрмелері, жастар ұйымдастырған байқаулар мен флешмобтар, спорттық жарыстар, ұлттық ойын түрлері дүркіреп өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары