$ 446.49  475.38  4.79

Түркияда бастауыш сынып оқушыларына көп көңіл бөледі - мұғалім

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жуырда өңiрдiң бiр топ мұғалiмi Түркия елiнде болып, ондағы әрiптестерiмен тәжiрибе алмасып қайтты. Сапар барысында ұстаздар  қауымы ненi аңғарды, не үйрендi? Осы сауалдарға жауап iздеген едiк.

Оңтүстікқазақстандық делегация құрамында Шымкенттегі №65 мектеп-гимназиясының қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi, жоғары санатты ұстаз Гүлнара Бекжанова да бар.

— Бұл сапардан алған әсерiм мол. Бiз Түркияда бiрнеше мектеп пен балабақшада болдық. Сондағы бiр байқағаным, түркиялық мектептерде, әсiресе, бастауыш сынып оқушыларына үлкен көңiл бөледi екен.  Ақын Әбдiрайым Қаражоқ атындағы бастауыш мектептегi әрiптестерiмiздiң айтуынша,  мектепке қабылдау кезiнде бүлдiршiндердi ата-анасыз алып қалып, арнайы сынақтан өткiзедi. Бала өзi шешiнiп, киiне алатын, бәтеңкесiнiң бауын байлай алатын жағдайда болса ғана мектепке қабылдайды екен. Ал, «Жеңiс» колледжiнде сабақтарды баланың  ой- өрiсiн дамытуға негiз болатын ойын түрiнде ұйымдастыруға көп мән берiледi екен.  Мектептерде әр пән бойынша тәжiрибе сағатына көңiл бөлiнген. Ол үшiн әр блоктың өз зертханасы, ойын залы бар. Бiздегiдей электронды журнал әдiсi кең қолданыста екен. Жалпы ол жақтағы мектептерден үйренерiмiз көп екен.  Осындай тәжiрибе алмасу iс-сапарларын ұйымдастырып отырған облыс әкiмiне, сол сапарға лайықты деп мектебiмiзден менi ұсынған директорымыз Қатира Қырғызбайқызына үлкен алғысымды бiлдiремiн, - дейді қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары