$ 444.32  473.33  4.76

Түрiк елiнде балаларды жастайынан отансүйгiштiкке тәрбиелейдi – педагог

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жуырда өңiрдiң бiр топ мұғалiмi Түркия елiнде болып, ондағы әрiптестерiмен тәжiрибе алмасып қайтты. Сапар барысында ұстаздар  қауымы ненi аңғарды, не үйрендi? Осы сауалдарға жауап iздеген едiк.

Оңтүстікқазақстандық делегация құрамында ОҚО Түлкiбас ауданындағы «Алтын ұя» бөбекжайының әдiскерi Айман Мейірманова да бар.

— Түрiк елiнде балаларды жастайынан отансүйгiштiкке тәрбиелейдi екен. Кiп-кiшкентай түрiк балаларының көсемдерi Ататүрiкке деген құрметтерi өте жоғары, Отандарына деген сүйiспеншiлiктерi айрықша. «Zaper» деген колледжге бардық. Мұнда балаларды 3 жастан бастап қабылдайды екен. Балаларды өз-өздерiне қызмет көрсетуге баулудан бастап, бейiмдiлiктерiне қарай тереңдетiп оқытып, бiр салаға мамандануын қамтамасыз етедi. Бiзде де патриоттық тәрбие берiледi, балабақшамыздың жабдықталуы, жағдайы да тәп-тәуiр. Бiрақ баланы отансүйгiштiкке баулуды Түркиядағыдай  терең дамыта түсу керек деген ой түйдiм. Ол елде баланың ата-анасымен байланыс жағына да  баса мән берiледi екен. Колледжде «Stem maker lab» жобасы бойынша балаларды жан-жақты сауатты, маманданған, патриот етiп тәрбиелеу арқылы Түркияның болашағын дайындайды. Жалпы, бұл сапардан жақсы әсермен оралдым. Туысқан халықтың қазақтарға деген құрметi, қонақжайлылығы, жоғары мәдениеттерi ұнады. Осы елде орнатылған Елбасымыздың ескерткiшiне де арнайы ат басын бұрдық. Көкейiме тоқыған iс-тәжiрибемдi бала тәрбиелеу бағытында қолданып, аудан бойынша кеңiнен таратамын деген жоспарым бар, - дейді түлкібастық педагог.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары