$ 447.4  477.55  4.76

Түркияда баланы қабілетіне қарап мектепке қабылдайды – мұғалім

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жуырда өңiрдiң бiр топ мұғалiмi Түркия елiнде болып, ондағы әрiптестерiмен тәжiрибе алмасып қайтты. Сапар барысында ұстаздар  қауымы ненi аңғарды, не үйрендi? Осы сауалдарға жауап iздеген едiк.

Оңтүстікқазақстандық делегация құрамында Түлкiбас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы мектептiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнi мұғалiмi Гүлжан Молдабаева да бар.

— Алғашқы күнiмiз Анкара қаласымен кеңiрек танысуға арналды. Түрiк халқының даңқты ұлы, қоғам қайраткерi, мемлекет негiзiн қалаушы Ататүрiк Кемалдың мұражайын аралап, кешкiсiн қала әкiмiнiң қабылдауында болдық. Осы кездесуде қала басшылары бiздiң облыстың әкiмi Ж.Түймебаевтың атына ризашылығын бiлдiрiп отырды. Бiздiң топтың басшысы Әлiбек аға мұғалiмдердi жылы қабылдаған қала басшыларына ризашылығымызды жеткiздi.  Ал, мектептердi аралағанда байқағанымыз, олар  балаға бiраз тапсырма берiп, қабiлеттерiн байқаған соң ғана оқуға қабылдайтын көрiнедi. Мұғалiмдердiң сөздерiне қарағанда, өткен оқу жылында бiз барған колледждi 33 мың оқушы бiтiрiп шығыпты. Колледж аумағы үлкен. Бұл жерде оқушылар үшiн барлық жағдайлар жасалған. Жүзу бассейнi, спорт алаңдары, атқа мiнiп серуендейтiн жерлерiне кiсi қызығады. Бұл оқу орнына балаларын жiберу үшiн әр ата-ана жылына 3 млн. теңге (бiздiң ақшаға шаққанда) төлейдi. Ал, мұғалiмдердiң жалақысы 400 мың теңгенi құрайды екен. Бiз «Zaper» колледжiнен бөлек бастауыш мектепте,  балабақшада  болып, ол жердегi тұрмыс-тiршiлiкпен таныстық. Алған әсерiмiз ұшан-теңiз, - дейді мұғалім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары