$ 443.85  474.3  4.8

Үш нысан бiр күнде ашылды

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданының тұрғындары да кең көлемде атап өттi. Мереке қарсаңында Сарыағаш ауданында бiрнеше нысанның құрылысы аяқталып, ел игiлiгiне берiлдi. Солардың бiрi  — Жаңаталап елдi мекенiндегi 75 орынды мәдениет үйi.

Нысанның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкiмiнiң орынбасары Құдiрет Қыстаубаев сөз сөйлеп, жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Су жаңа мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын «Құрылыс-сервис СК» ЖШС компаниясы жүргiзген. Айтулы нысанды толық салып бітіру үшін облыстық қазынадан  55 миллион теңге бөлiніпті. Бұл қаржы уақыты игеріліп, мәдениет үйі дәл уақытында ел игілігі үшін пайдалануға беріліп отыр.

Сонымен қатар, осы күнi  Сарыағаш қаласында қайта құрылымдаудан өткен «Жеңiс» саябағының да ашылу салтанаты болды. Сондай-ақ,  «Самал» шағынауданындағы көшелер мереке қарсаңында жөнделiп бiттi. Жолдың ашылуына аудан әкiмiнiң орынбасары С.Тасқұлов қатысып, көпшiлiктi мерекемен құттықтады. 

Қазiргi таңда жолы жөнделген көшелердiң ұзындығы 3 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 2 миллиард теңге жұмсалған.

Осы ретте айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында ондаған нысан ашылып, халықтың игілігі үшін пайдалануға берілді. Көпшілігі әлеуметтік нысандар мен мәдени орталықтар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары