$ 448.15  483.46  4.86

Қос ғимарат – қос қуаныш

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебiнiң 150 орынды, «Қызылқұм» жалпы орта мектебiнiң бастауыш сыныпқа арналған 100 орынды жаңа ғимараттары пайдалануға берiлдi. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аудан әкiмi Ғ.Исмаилов мектеп ғимараттарының ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледi. Ол мультимедиялық кабинеттердi, зертханалар, мамандандырылған оқу сыныптарын, шеберханалар мен кiтапханаларды, әдiстемелiк, дәрiгерлiк, психологиялық кабинеттердi аралап көрiп, құрылыс сапасына оң бағасын бердi. Әкiм мұның барлығы да Тәуелсiздiктiң жемiсi екенiн атап өттi.

1991 жылдан берi Мақтаарал ауданында 57 мектеп пен оқу ғимараттары ашылса, биылдың өзiнде 9 орта мектеп ғимараты мен 1 қосымша оқу корпусы ел игiлiгiне берiлдi. Сондай-ақ, Тәуелсiздiк жетiстiгiнiң айқын көрiнiсi ретiнде заманауи үлгiдегi 5 балабақша ғимараты салынғанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында ондаған әлеуметтік және мәдени нысандардың ашылу салтанаты өтті. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданныың орталығындағы мәдениет үйі, Шымкент қаласы мен Созақ ауданында салынған балабақшалар, Төлеби ауданындағы сауда орталығы және өзге де нысандар бар. Жалпы, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы Оңтүстік Қазақстан облысында игілікті істерге толы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Үш нысан бiр күнде ашылды
Келесі жаңалық
Өрiсiмiз кеңейiп келедi