$ 447.4  477.55  4.76

«Архивсiз — тарих, тарихсыз мемлекет жоқ»

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен бірге оңтүстікқазақстандық архив ісінің мамандары архив саласының негiзi қаланғанына 90 жыл толуын атап өтуде. Осыған орай Шымкент қалалық мемлекеттiк архивiнiң мәжiлiс залында мерекелiк iс-шара өттi.  Басқосуға облыстық архивтер мен құжаттама басқармасының мамандары, архив саласының ардагерлерi, аудан-қалалардағы мұрағат саласының қызметкерлерi қатысты.

«Архивсiз тарих, тарихсыз мемлекет жоқ». Осылай деген басқарма басшысы Нұрлан Шарафиев саланың маңыздылығы мен атқарылып жатқан  жұмыстарға тоқталды. Әріптестерін қатар келген қос мерекемен құттықтаған басшы соңғы 25 жылда атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталып, болашақтың жоспарымен бөлісті.

«Архив қызметiне жыл сайын заңды және жеке тұлғалардан 30 мыңнан  астам  сұраныс түседi. Бүгiнде өңiр тұрғындарына барлығы 341 маман қызмет көрсетуде. Облыстағы архив қоры 2004 жылдан бастап Ташкент, Мәскеу, Саратов қалаларындағы қазақ тарихына қатысты құнды құжаттармен толыққан.  Бұл iс «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асты», - деп атап өтті басқарма басшысы..

Iс-шарада келушiлер назарына архив саласына қатысты түсiрiлген  бейнекөрiнiс ұсынылды. Басқарма басшысының орынбасары Қ. Ағабеков те мамандарды айтулы мерекемен құттықтады. Ал,  салада жемiстi еңбек етiп жүрген  қызметкерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары