Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында белгісіз біреулер ерлі-зайыптыларды азаптап өлтірген. Олардың мәйіттері Алмалы ауылындағы көшенің бойынан табылған деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға 13 ақпан күні орын алған. Оқиға орнына келген полицейлер марқұмдардың ерлі-зайыптылар екенін анықтады. Екеуі де Мақтарал ауданының тұрғындары. Ер азамат - 1958 жылы, әйелі 1966 жылы туған. Олардың екеуінің де денелері балталанған.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Күдіктілердің кім екенін анқтау және оларды ұстау жұмыстарымен криминалды полиция қызметкерлері айналысуда.