$ 498.51  522.84  4.81

Астанада экстремистік ұйымның "ұясын" құрмақ болған күдікті ұсталды

Астана тұрғыны "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының "өкілдігін" елордада құрып алмақ болған. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 1 наурыз күні қолға түсірді. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми сайтында хабарланған.

Ал, ақпан айында ҰҚК мамандары Алматы қаласынан оның сыбайласын ұстаған екен. Ол жұртқа экстремистік ағымның идеясын насихаттап жүрген жерінен қолға түскен. Қазіргі таңда бұл екі дерек бойынша құқық қорғаушылар тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, былтырғы Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғаларынан кейін елімізде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Балқаш пен Алматыда, Павлодар мен Атырауда лаңкестік ұйым ұстанушылары ұсталып, ұзақ мерзімдерге сотталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары