Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мектеп директорларынан әрбір оқушыға өз баласына қарағандай қарауды талап етіп отыр. Сондай-ақ, қала басшысы педагогтарға орталықтандырылған онлайн-тест тапсыруды да ұсынды деп жазады "Казинформ".
Білім беру саласына қатысты жиын өткізген Н.Нәлібаев негізгі пән мұғалімдері арасында байқаулар өткізіп, жеңімпаздарын ынталандыруды да қолға алу керектігін айтты. Бұл өз кезегінде оқушылардың да сапалы білім алуына септігін тигізеді деп есептейді қала әкімі.
Айта кетейік, биылғы оқу жылының соңында еліміздегі мектеп бітіруші оқушыларының бәрі екі сынақтан өтеді. Алғашқысы мектеп қабырғасындағы аттестация болса, екінші - ұлттық біріңғай тестілеу. Аттестация бітіруші түлектердің бәрін қамтуы тиіс. Ал, ҰБТ баланың таңдауы бойынша.