$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің бірнеше жанармай бекетінде бензин тағы қымбаттады

Қазақстандық кейбір жанармай бекеттерінде бензин маркаларының бағасы тағы қымбаттады.

Мәселен, Sinooil жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 140-тан 143 теңгеге дейін қымбаттаса, АИ-95 пен АИ-96 155 теңгеге өсті.

Ал, Helios бекеттерінде АИ-92 бензині 140 теңгеден 142 теңгеге дейін қымбаттады. АИ-95 маркасы – 154 теңгеден, АИ-95 Prime – 165 теңгеден, АИ-98 164 теңгеден сатылып жатыр.

Осылайша, елімізде сұйық отын бағасын қымбаттатпай ұстап отырған жалғыз жанармай бекеті қалды, ол – Royal Petrol. Мұндай АИ-92 бензині 140 теңгеден сатылуда. Ал, АИ-95 – 155 теңге, АИ-98 – 165 теңге.

Еске салайық, "Қазмұнайгаз" мен "Лукойл" жанармай бекеттерінде бензин бағалары қымбаттаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары