$ 447.4  477.55  4.76

БҚО-да білім бөліміндегі тышқандар 5 млн теңгенің сыйлықтарын жеп қойған

Батыс Қазақстан облысында балалардың 5 миллион теңгеге сатып алынған жаңажылдық сыйлықтарын кеміргіштер жеп қойған. Салдарынан, шенеуніктер оны екінші рет тендерсіз сатып алыпты. Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы Мерек Зиналиев осылай ақталуда. Бұл туралы "Уральская Неделя" порталы мәлімдеп отыр.

Басылымның хабарлауынша, мемқызметкерлердің этикасы жөннідегі тәртіптік кеңес облыс әкіміне бөлім басшысын қызметінен босатуды сұраған.

Зиналиевтің өзі болса тәртіптік кеңестің бұл шешімімен келіспейді және қайта шағымданбақ.

"Біздің ауданда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған жаңажылдық шырша өткізілді. Біздің бөлім бұл мерекелік шараға алдын ала сыйлықтар алып қойған. Алайда, оларды тышқандар жеп қойыпты. Мұнан кейін біз қайта сыйлықтар сатып алдық, сапалысын. Тауарды жеткізу үшін Чапаев ауылының кәсіпкерлері жұмысқа тартылды. Мемлекеттік сатып алулар порталына біз мұны жариялағанымыз жоқ", - дейді Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы.

Ол өзінің заңды белден басқанын алдын ала білген екен. Алайда, тұрғындар алдында әкімді жерге қаратпау үшін осындай қадамға барыпты.

Тәртіптік кеңесте сөз сөйлеген бөлім басшысы бұл заңсыздығы үшін онсыз да айыппұл төлегенін айтып отыр. Бірақ, шенеуніктің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тәртіптік кеңестің шешіміне әсер етпейді дейді осы кеңестің мүшелері. Сондықтан, білім бөлімінің басшысы жұмысынан кетуі тиіс деді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары